Тимур Турлов: Азиядағы инвесторлар табыс қана емес, еркін ортаны аңсайды

Азия әлем экономикасы мен саясатының ең маңызды күштерінің біріне айналды. Сенат жанындағы Сарапшылар клубының отырысында «Азия дәуірінің» болашағы мен ғаламдық дағдарыс кезінде орташа державалар рөлі сөз болды.
Жиынға сенат спикері Мәулен Әшімбаев, Сингапур дипломаты – профессор Кишор Махбубани, сонымен бірге жергілікті кәсіпкерлер, Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов қатысты.
«Бүгінгі кездесу жаһандық қауіпсіздік саласындағы дағдарыс пен геосаяси шиеленіс күшейе түскен кезеңде өтіп отыр. Қазір бұрынғы өзара іс-қимыл үлгілерінің ескіргені анық байқалады», – деді Әшімбаев.
Спикердің айтуынша, Қазақстан диалог пен арағайын идеяларын халықаралық деңгейде дәріптей отырып, әлемдегі маңызды мәселелерге белсенді араласуға ұмтылады.

Кишор Махбубани — Азияның ең беделді адамдарының бірі, дипломатия саласында 30 жыл тәжірибесі бар. Ол «Азия дәуірі» тұжырымдамасының авторы.
«XXI Азия ғасыры атанады. XIX ғасырда Еуроа, ал XX ғасырда Америка дәуірледі. 2 мың жылдықтың 1800 жылында әлемнің ең ірі экономикасы Қытай мен Үндістанда болды» – деді Махбубани.
Отырысқа қатысушылар өңірдің инвестициялық тартымдылығына ерекше көңіл бөлді. Кәсіпкер Тимур Турловтың пікірінше, ғаламдық инвестиция орталығы болудан үмітті Азияның болашағы сенім мәселесіне тікелей байланысты.
«Өзіңіз инвестиция құятын адамдардың құндылық түзуге қабілетті болуы маңызды. Одан да маңыздысы – дәл осы елдерде акционерлердің осы құндылықты тарата білуі, жинаған мүлік пен құндылықты қорғау тәртібінің болуы», — дейді ол.
Турловтың мәлімдеуінше, инвесторлар табыс қана емес, ең қиын жағдайдың өзінде өз құқығын сақтау мүмкіндігін іздейді. Кәсіпкердің айтуынша, Азияның осы бағытта болашағы зор, бірақ кедергілер әлі де кездеседі.
«Аймақта бедел мен абыройдың ең басты актив екенін әлі де болса түсіне бермейді. Саяси элита инвестиция салуға қиын активтерге таласумен жүр», — деді Турлов.
Бұған қоса, ол қазіргі заманда дипломатияның рөлі артқанын да атап өтті.
«Әлем дипломатиясының рөлі әлдеқайда күшейгенін байқап отырмыз. Дұрыс ұйымдастырылған халықаралық коммуникация экономикалық өсім құралына айнала алады. Сол себепті осындай пікір-таластар өткізу маңызды», — деп қорытындылады кәсіпкер.
Клуб отырысына «Widening the Scope» кітабының авторы Мирас Жиенбаев, Тіл және мәдениет университетінің өкілі Сәуле Қошанова да қатысты.

Сенат жанындағы Сарапшылар клубы мен Qalam Club зерттеушілер мен ғалымдарға public talk платформасын ұсынады. Онда әлем болашағын айқындайтын геосаясат, мәдениет, технология, ұлттық болмыс туралы тың идеялар талқыланады.