Ақпарат министрлігі Meta-мен бірлесіп әлеуметтік желіде 7689 заң бұзушылықты анықтады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Tiktok «Йоу, орыстар» әнін өшірді
Facebook, TikTok, Twitter, YouTube and Instagram apps are seen on a smartphone in this illustration taken, July 13, 2021. REUTERS/Dado Ruvic/Illustration/

2025 жылдың басынан бері Қазақстанда Facebook пен Instagram платформаларында 7 689 заң бұзушылық тіркелген. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған мәселе Астанада өткен мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Meta компаниясының мемлекеттік саясат жөніндегі директоры Сарим Али Азизпен кездесуінде талқыланды. Тараптар Қазақстанның ақпараттық кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселелерін сөз етті.

Министрліктің мәліметінше, анықталған заңбұзушылықтардың 3 027-сі Facebook желісінде, ал 4 662-сі Instagram-да орын алған. Meta бұл контенттің 90%-ын Facebook-тан және 51%-ын Instagram-нан өшірген.

Аида Балаева әсіресе интернеттегі алаяқтық жарнаманың белсенді түрде көбеюіне алаңдаушылық білдірді.

«Мұндай жарнамалардың нақты сілтемесі болмайды, бұл оларды жедел анықтап, жоюды қиындатады», — деді министр.

Сондай-ақ кездесуде WhatsApp мессенджеріндегі жалған ақпарат пен алаяқтық әрекеттердің таралуы туралы да айтылды. Министр Meta өкілдерінен осы мәселелерді шешуге арналған техникалық шешімдер ұсынуды және платформалардағы контентті модерациялауды күшейтуді сұрады.

Кездесу қорытындысында тараптар аталған проблемаларды шешуге бағытталған арнайы жұмыс тобын құруға келісті. Бұл жұмыс тобы Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге күш салмақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін алаяқтардың Telegram-да жаңа әдіс ойлап тапқаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз