Ермұрат Бапи елде Ұлттық қару-жарақ музейін ашуды ұсынды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Ермұрат Бапи елде Ұлттық қару-жарақ музейін ашуды ұсынды /Фото: kursiv.media архив

Депутат Ермұрат Бапи елде Ресейдің әскери-тарихи қоғамының өкілідігі ашылғанын орай, елде Ұлттық қару-жарақ музейін ашуды ұсынды. Бұл туралы депутат өзінің Олжас Бектенов пен Руслан Жақсылықовқа жолдаған сауалында айтты.

Депутат мысал ретінде шетел тәжірибесіне келтірген. Франция мен Лонданда, Өзбекстан мен Әзірбайжанда, көрші Ресейде қару-жараққа арнаған мұражайы мен тіпті кейбірінді қару-жарақ палатасы бар екенін атап өткен.

«Ал біздің тәуелсіз Қазақстанымызда мұндай ұлттық нақыштағы қару-жарақ музейі атымен жоқ. Біз Ұлы Даланы бірнеше ғасырлық жаугершіліктен сақтап қалған, ғұндар мен сақтардан бергі түркі халықтары шоғырланған континеттің ортасын мекендеген Қазақ ұлтымыз. Ендеше, бізде Ұлттық қару-жарақ музейі неге жоқ?» – дейді депутат.

Депутат мұражай сөрелерін ежелгі өркениет қару-жарағынан бастап Отан соғысы кезінде соғыста қазақ батырлары пайдаланған және Ауған соғысында пайдаланылған қару түрлерімен толтыруға болатынын айтқан.

Осы орайда депутат Қазақстанда Ресей әскери-тарихи музейінің филиалының ашулыуна қатысты да пікір білдіре өткен. Бапи мұндай қадамды мемлекеттік тәуелсіздік танымына нұқсан келтіреді деп санайды.

«Бізде ұлт мүддесі мен мемлекеттік тәуелсіздік танымына нұқсан келтіретін осындай қойыртпақ құбылыстарға қатысты қоғамдық дау-дамайды саяси билікпен байланыстыру жаман үрдіске айналып барады. Шет елдің соғыс музейі ашылды деген хабарды түрпідей қабылдаған, өздерін ұл патриоттары атайтын азаматтар әлеуметтік желілерді шулатып, президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Парламент депутаттарының атына сын айтып жатыр. Ай мен күннің жарығында осындай қоғамдық дүрмек бізге қажет пе еді? Көрші елдермен байланысты геосаяси жағдай теңселіп тұрған кезде, аяқ астынан осындай әскери музейге деген қажеттілік қайдан туды?» – дейді.

Сөз соңында Бапи Қазастанда Ұлттық қару-жарақ мұражайын ашу қажеттігі жөніндегі мүмкіндіктерді бағамдауды сұраған. Бұл шара ресейлік әскери музей филиалына байланысты туындаған қоғамдағы қажетсіз қозғалыстың буын басуға ықпал етеді деп санайды депутат.

Айта кетсек, депутат әскери тақырыптар мен қорғаныс саласындағы мәселелерді жиі қозғап жүр. Осыған дейін мәжіліс өкілі жастардәң әскерге дайындықсыз баратынын, ондағы ауыртпашылыққа шыдамайтынын айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз