Шерзат ісіндегі судья Жанұзақов ауыса ма: сот кеңесу бөлмесіне кетті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Адвокат сот Ержан Жанұзақовқа қарсылық білдірді/фото: kursiv.media

Талдықорғанда жасөспірім Шерзат Полаттың қазасынан кейін қозғалған қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. 28 мамырдағы сот отырысында сотталушы Абзал Шынасылдың адвокаты Әбенов іске төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақовқа қарсылық білдіріп, өтішхат жолдады.

Бұл өтінішхатты Асқарбек Беймбетов қарап жатыр.

Адвокат Әбенов сотқа сарапшыны шақырмағанына сүйеніп судья Жанұзақовқа қарсылық білдіргенін айтты. Басқа сотталушылардың адвокаттары сотты ауыстыруға негіз жоқ екенін айтып, сарапшыны сотқа шақырудан бас тарту оған негіз бола алмайтынын жеткізді.

Сот кеңесу бөлмесіне кетті.

Сондай-ақ оқыңыз