Ақнәр ісі бойынша нендей өзгеріс бар: Вице-министр жауап берді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
General news бөлімінің тілшісі
Ақнәр ісі бойынша нендей өзгеріс бар: Вице-министр жауап берді
Ақнәр ісі бойынша нендей өзгеріс бар: Вице-министр жауап берді/Фото: Гүлістан Қамиттің жеке мұрағатынан

Былтыр шілдеде 7 қабаттан құлап қаза тапқан Ақнәр Гүлістанның ісі бойынша арнайы тергеу тобы құрылған. Бұл туралы мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты.

Оның сөзінше, Ақнәр ісі бойынша тергеу орғандары жедел тәргеу тобын құрған.

«Бұл қылмыстық іс біздің бақылауымызда. Жәбірленушілердің уәжі тергеу барысында ескерілуде», – деді Әділов.

Вице-министрдің сөзінше, істе әзірге күдікті жоқ. Ол тергеу жалғасып жатқанын жеткізді.

Жуырда Гүлістан Қамит есімді келіншек қызы Ақнәр 2024 жылғы 20 шілдеде терезеден құлағаннан кейін қаза тапқанын, оны сол сәтте жанында болған құрбыларынан көретінін мәлім еткен. Бойжеткеннің өлімі бойынша қозғалған іс «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша ашылған. Марқұмның анасы мұнымен келіспейді, қызы өзіне қол салуы мүмкін емес деп санайды. Қоғамдық резонанс тудырған Гүлстан Хамит президентке дейін үндеу жолдаған.

Осыдан кейін, Алматы қаласының Полиция департаменті аталған істі ерекше бақылауға алғанын хабарлады.

Ұзамай істе қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде танылған екі қыздың бірі Дидар Мұқият «маған негізсіз жала жауып отыр» деп заңды өкілі Жандос Палманов арқылы қайғылы жағдайға қатысты өз нұсқасын жеткіздіқ.

Сондай-ақ оқыңыз