«2,7 млн теңге жымқырған». Қазселденқорғау филиалының басшысы 3 жылға сотталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігіне ұқарасты «Қазселденқорғау» мекемесі облыстық филиалының басшысы сотталғанын хабарлады.
Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласының № 2 соты «Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау» ММ облыстық филиалының басшысы С. Станбековке қатысты үкім жариялаған.
Ол қала тұрғынын филиалға жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,7 млн теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған.
Оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін, «Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы топ-менеджері 4,5 жылға сотталған. Ол мемлекетке 20 млрд теңге көлемінде шығын келтірген деп айыпталған.