Freedom Holding Астанада халықаралық француз мектебінің құрылысын бастады

Freedom Holding Corp. компаниясы Астанада Халықаралық француз мектебін құрылысын қардыландырып жатыр. Бұл – Қазақстан мен Францияның білім беру саласындағы жаңа бірлескен жобасы.
Жобаның ашылуы салтанатында болашақ лицейдің жобасы таныстырылып, мектеп ғимаратының кіреберісінде орнатылатын естелік тақтайшаның тұсаукесері өтті.
Freedom Holding Corp. компаниясы жобаға қаржылай қолдау көрсетсе, ал бас серіктесі – Bilim Media Group.
Астана Халықаралық француз мектебі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эммануэль Макрон арасындағы уағдаластық аясында салынып жатыр. Пансионы бар бұл мектеп француздық және қазақстандық білім беру стандарттарына сәйкес келіп, Орталық Азиядағы халықаралық деңгейдегі жетекші білім беру мекемелерінің біріне айналуы көзделіп отыр.
Мектеп алғашқы оқушыларын 2026 жылғы 1 қыркүйекте қабылдауды жоспарлап отыр.
Бұл ретте Франция министрі Лоран Сен-Мартен мектеп жас қазақстандықтарға француз, қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде білім алуға мүмкіндік беретіні атап өтті.
« Мектеп түлектері француз аттестатымен мектеп бітіргеннен кейін Франция мен Еуропаның үздік жоғары оқу орындарына тікелей түсе алады», – деді ол.

Ал Freedom Holding Corp. компаниясының Бас атқарушы директоры Тимур Турлов жобаға қатысу – білім беруді дамытуға қосқан үлес қана емес, Қазақстанның болашағына құйып жатқан инвестиция екенін атап өтті.
Бұл – біздің Қазақстанның болашағына құйып жатқан инвестициямыз, бұл – өскелең ұрпаққа әлемдік озық білімге қол жеткізуге мүмкіндік беріп, оларды заманауи сын-қатерлерге дайындау. Біз адам капиталы еліміздің орнықты өсуінің негізі екеніне сенімдіміз. Дәл осындай жобалар дүниетанымы кең, бірнеше тіл білетін, өзге мәдениетке құрметпен қарап, жылдам өзгеріп отыратын әлемде жұмыс істеуге дайын көшбасшылардың жаңа буынын қалыптастырады», – деді Турлов.
Бұған дейін Freedom Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында дата-орталық салатыны белгілі болды.