Қазақстан KazSat-3 жер серігін 750 млн теңгеге сақтандырмақ

Қазақстан KazSat-3 жер серігін 750 млн теңгеге сақтандырмақ. «Республикалық ғарыш байланыс орталығы жер серігін сақтандыру үшін тендер жариялаған.
Мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған техникалық сипаттамаға сәйкес, сақтандыру сомасы – 8,6 млрд теңге, ал келісімшарт құны – 750 млн теңге болуы мүмкін. Бұл ақпаратқ Тelegram-дағы «Президентке хат» арнасы назар аударған.
Сақтандыру мерзімі 2025 жылдың 6 шілдесінен 2026 жылдың 5 шілдесіне дейін жоспарланған. Құжаттарға қатысты қоғамдық талқылау 29 мамырға дейін жалғасады.
KazSat-3 — Қазақстанның байланыс жерсерігі. Ол ел аумағында теледидар, радио, телефон байланысы және интернет қызметтерін қамтамасыз етуге арналған.
Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың айтуынша, «KazSat-3» жер серігін алмастыруға 87,2 млрд теңге жұмсалған. Депутаттық сауалға жауапта қазіргі жер серігінің орнына жаңадан «KazSat-3R» жер серігі құрылатынын жазған.
Оған қоса Қазақстан 2025 жылы ғарышқа отандық зымыранды ұшыруды көздеп отыр.