Назарбаев әулетінің шетелдегі байлығы тексеріле ме

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Business News бөлімінің редакторы
Назарбаевтың байлығы тексеріле ме / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен әулетінің шетелдегі байлығы тексеріле ме? Қаржы мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Женіс Елемесов осы сұраққа жауап бере отырып, шетелде ақша ұстау – қылмыс емес деп мәлімдеді.

Журналистер агенттік өкілінен экс-президент отбасының оффшордағы актвитеріне қатысты тергеу жүргізіле ме деп сұрады.

Елемесовтың айтуынша, дүние-мүлікті шетелде сақтауға заңмен шектеу жоқ, Ал нақты тергеу басталуы үшін дәлелдер қажет.

«Мен нақты не туралы айтып отырғаныңызды түсінбедім, ондай ақпарат менде жоқ. Жалпы алғанда, шетелде активтің болуы – қылмыс емес. Егер сізде ол активтің қылмыстық жолмен алынғаны, бюджеттен ұрланғаны немесе басқа заңсыз көзден келгені туралы нақты дерек болса, ұсыныңыз», – деді ол.

Елемесовтың түсіндіруінше, егер Қаржы мониторингі агенттігі заңбұзушылық белгілерін байқаса, тиісті тергеу басталады. Бірақ жай ғана «шетелде мүлік бар екен» деген сөз – әрекетке негіз бола алмайды.

«Дәлелсіз айту – дұрыс емес», – деп түйіндеді ол.

Айта кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы ел президенттігінен кеткенін тікелей эфирде хабарлаған болатын. Ол Қазақстанды 30 жыл басқарған.

Сол кезде Сенат спикері қызметін атқарған Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы болды. Содан бері парламент Назарбаев пен оның отбасын ерекше мәртебе мен артықшылықтардан айыратын бірнеше заң қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыз