«ҚазХром» коммуналдық кәсіпорынды иелігінен шығарды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
«ҚазХром» еншілес компаниясын қайта сатты Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

2025 жылғы 22 мамырдан «Трансұлттық компания «Казхром» АҚ «ХромтауТрансЭнерго» ЖШС-не иелік етуді тоқтатты. Бұл туралы ақпарат Қазақстан қор биржасында (KASE) жарияланды.

«ХромтауТрансЭнерго» – Хромтау қаласына су мен жылу жеткізетін коммуналдық кәсіпорын. Ол 2024 жылы құрылған. E-gov дерегіне сәйкес кәсіпорын қазір Хромтау ауданы әкімдігінің қарамағына өткен.

Қазір трансұлттық компанич меншігінде 5 компания акцияларының үлесі бар: Ол «Донская нефтебаза» АҚ 95 пайыз акциясына, «Ақжар-хром» ЖШС-ның 100 пайыз акциясына иелік етеді.

Одан бөлек, «Business & Technology Services» компаниясының 37,9 пайыз, «ENRC Credit» несие серіктестігінің 49,9 пайыз, Eurasian Digital Ventures I LP компанисының 54,5 пайыз үлесі меншігінде.

Бұған дейін «Қазхром» акционерлері Қор биржасы сауда-саттығынан акциларын алып тастау мәселесін талқылаған. «Қазхром» Eurasian Resources Group құрамына кіред

Сондай-ақ оқыңыз