Электромобильдер алға шықты: 2025 жылы ЕО-дағы автонарық қалай өзгерді

Еуропалық автокөлік өндірушілер қауымдастығы (ACEA) Еуроодақтағы жаңа автокөліктерді тіркеуге қатысты соңғы деректерді жариялады. Ақпаратқа сүйенсек, әлемдік экономикадағы тұрақсыздыққа қарамастан, нарық қалпына келе бастаған. 2025 жылғы сәуірде ЕО бойынша жаңа көліктерді тіркеу көлемі өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 1,3%-ға артты. Алайда жыл басынан бергі (YTD) қорытынды көрсеткіштер бойынша нарық әлі де былтырғыдан 1,2%-ға төмен.
Электрлендіру үрдісі жалғасуда: гибридтер мен электр қуатымен жүретін көліктерге сұраныс артуда
Экологияға зияны аз көліктерге сұраныстың артуы – ең маңызды трендтердің бірі. 2025 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша аккумулятормен жұмыс істейтін электромобильдердің (BEV) нарықтағы үлесі 15,3%-ға жетті. Бұл 2024 жылдың сәуіріндегі 12%-дық деңгеймен салыстырғанда айтарлықтай өсім. Дегенмен, бұл көрсеткіш әлі де болжанған межеден төмен.
Гибридті көліктер (HEV) ең көп таңдалатын. Олардың нарықтағы үлесі 35,3%-ды құрады. Ал бензин және дизельмен жүретін көліктердің үлесі 38,2%-ға дейін төмендеді (2024 жылы – 48,4% болған).
Электрлі көлік нарығы өсуде, бірақ бәрі біркелкі емес
2025 жылдың қаңтар-сәуір аралығында таза электрлі көліктердің сатылымы 26,4%-ға артып, 558 262 данаға жетті. Нарықтың өсуін Германия (+42,8%), Бельгия (+31,3%) және Нидерланды (+6,4%) сынды елдер қамтамасыз етті. Ал Францияда, керісінше, көрсеткіш 4,4%-ға төмендеді.
2025 жылғы сәуірдің өзінде жылдық есепте (YOY) 34,1%-дық өсім көрсетті. Гибридтер де жоғары өсім тіркелді– 20,8%. Ал сырттан қуатталатын гибридтердің (PHEV) сатылымы 31,2%-ға артты.
Еуропалықтардың таңдауы – гибридтер
2025 жылдың алғашқы төрт айында ЕО елдерінде 1 285 486 гибридті көлік тіркелді, көрсеткіш 20,8% өсті. Франция (+44,9%), Испания (+35,8%), Италия (+15%) және Германия (+11%) – өсімнің негізгі драйверлері болды.
Сырттан қуатталатын гибридтер де өсім көрсетуде: тіркелгендер саны 7,8%-ға артып, 287 850 көлікке жетті. Германия мен Испаниядағы жоғары сұраныс бұл үрдісті қолдап отыр. Осылайша, PHEV үлесі 2024 жылғы 7,2%-дан 7,9%-ға дейін өсті.
Бензин мен дизель нарықтан шеттеп барады
Іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктердің үлесі күрт төмендеді. 2025 жылдың сәуірінде бензинмен жүретін көліктер 20,6%-ға аз тіркелген. Ең қатты құлдырау Францияда байқалды (-35,2%), одан кейін Германия (-26,6%), Италия (-14,4%) және Испания (-12,7%).
Бензинмен жүретін көліктердің нарықтағы үлесі 28,6%-ға дейін төмендеді (2024 жылы – 35,6%). Дизельді көліктердің де жағдайы осал – 26,4% төмендеп, олардың үлесі 9,6% ғана болды. ЕО-ның басты нарықтарының бәрінде қос отын түріне де сұраныс қысқарды.
ACEA туралы
Еуропалық автокөлік өндірушілер қауымдастығы (ACEA) – Еуропада жұмыс істейтін 16 ірі автокөлік, жүк көлігі, автобус және фургон өндірушілерінің басын қосқан ұйым. Оның құрамында BMW Group, Volkswagen Group, Mercedes-Benz, Stellantis, Renault Group, Toyota Motor Europe, Volvo Cars және басқа да алпауыт компаниялар бар.
Еске сала кетсек, биылғы наурызда ЕО көлік нарығында жаңа авто саудасы бойынша Ұлыбритания алға шыққан еді. Ал Францияда көрсеткіш төмендеген болатын.