Қазақ даласын шегіртке басып кетті ме – Ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Биыл 2,1 млн гектар жерге шегіртке таралуы мүмкін / Фото: shutterstock

Әлеуметтік желілерде шегіртке қаптағаны туралы видеолар көбейіп кетті. Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеме жасады.

«Интернет кеңістігінде және бұқаралық ақпарат құралдарында шегірткелердің жаппай әрі бақылаусыз таралуы туралы шындыққа сәйкес келмейтін хабарламалар мен бейнематериалдар тарап жатыр. Мұндай ақпараттар шынайы жағдайға және зиянкестердің даму сатысына сәйкес келмейді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске саламыз», – деп ескертеді министрлік.

Ведомство мәліметінше, 2025 жылы шегіртке 2,1 млн гектар аумаққа таралуы мүмкін. Қазіргі уақытта 14 өңірде 596,3 мың гектар алқапта өңдеу жұмыстары жүргізілген. Министрлік жұмыстар жоспарға сәйкес, штаттық режимде жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

Бұл жұмыстар Ауыл шаруашылығы вице-министрлерінің, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өкілдерінің, сондай-ақ өңірлерде құрылған жедел штаб қызметерлерінің бақылауында. Сонымен бірге шегіртке көп таралуы мүмкін аймақтар – Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарындағы ахуалды Аулыл шаруашлығы минисрі өз бақлауына алған.

«Шегірткемен күрес шараларына 443 арнайы бүрку техникасы жұмылдырылып, зерттеу жұмыстарына 4 625 маман тартылған. Қажетті техника мен препараттар жеткілікті», – деп хабарлайды министрлік.

Айта кетейік министрлік шегірткелер Қостанай, Ақтөбе, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында көп таралуы мүмкін деп болжайды.

Сондай-ақ оқыңыз