Қазақстанда ел шаңырағын шайқалтуға тырысатын реваншистер әлі де бар – Саиров

Қазақстанның көлеңкелі экнономикасы бүгінгі күні 42 млрд долларға жеткен. Ал 15 млрд доллар қаражат криптовалютада шығарылған. Шетелге мұндай жолмен шыққан ақшаның болашақта ел шаңырағын шайқалту мақсатында елге қайта келуі мүмкін. Бұл туралы Мәжілісте депутат Ерлан Саиров айтты.
Көлеңкелі экономика
Депутат келтірген мәліметке сенсек, Қазақстанның көлеңкелі экономикасы 42 млрд долларды құрайды.
«Бұл сома 3 жылдан бері өзгермегей келеді. Бүгін 15 млрд доллар криптовалюта шетелге кеткен туралы айтылды. Мемлекеттік органдар жағдайды бақылауда ұстай алмай отыр. Шетелге қанша қаражат кеткенін білмейді. Біз 30 жылда елден шығарылған активтерге қатысты аудит жүргізуіміз керек. Қанша капитал елден заңсыз шығарылғанын анықтау қажет», – дейді. депутат.
Тиыннан құралған ел бюджеті
Саиров сонымен бірге сыртқа кеткен қаражат көмегімен бюджетті толтыру мәселлесін көтерді. Ол үшін құзырлы органдар тиісті аудит жүргізуі керек.
«Біз мемелкеттін бюджетін тиыннан құрастырып жатырмыз. Ал елдің көлеңкелі экономикасы 42 млрд доллар, криптовалютамен 15 млрд шыққан. Одан бөлек шетелдік дереккөздер 150-200 млрд доллардың заңсыз шығарылғанын жазып жатыр. Міне бюджетті толтыратын негізгі көздер осында жатыр», – деді ол.
Ел шаңырағын шайқылтуды көздейтіндер
Депутат жауапты органдар бұл ақшаны іздеумен жүйелі әрі мақсатта түрде айналысатын болса, депутаттар тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты. Бұлай жасамаған жағдайда, шетелге шыққан қаражаттың күндердің бір күні елде бүлік шығару үшін Қазақстанға қайт кіруі мүмкін екенін жасырмады.
«150 млрд доллар ертең елдің шаңырағын шайқалту үшін Қазақстанға қайта келуі мүмкін. Өйткені елде ыңғайлы уақытты күтіп жүрген реваншистердің әлі де бар екенін білеміз», – деді Саиров.
Мәжіліс кулуарында депутат елдің ішіндегі заңсыз активтердің 2 трл теңгесі қайтарылғанын, ал шетелге кеткен ақшаны қайтару қиын екенін айтты.