Алакөлге әуе рейсі ашылмақ

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алакөлге әуе рейсі арқылы туристер арзан бағамен ұша алады / фото: shutterstock
Алакөлге әуе рейсі арқылы туристер арзан бағамен ұша алады / фото: shutterstock

Алакөлге әуе рейсі ашылмақ. 2025 жылғы 1 маусымнан қазақстандық SCAT әуе компаниясының ұшақтары Үшарал қаласына қатынай бастады.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, бұл рейстер субсидияланады. Енді Астанадан Алакөл жағалауына туристерді жеткізетін рейстер көбейіп отыр.

Астана мен Үшарал, Алматы мен Үшарал арасында аптасына 7 рейс орындалады. Бір бағыттағы билет құны – 20 мың теңге.

Сондай-ақ, 2025 жылғы 1 маусымнан бастап SCAT әуе компаниясы Астана мен Үржар, сондай-ақ Алматы мен Үржар арасында аптасына 7 рейс қатынайды.

Айта кететін жайт, аталған әуе рейстері де субсидияланады. Билеттер қолжетімді бағамен онлайн сатылымға шығарылады.

Мұның алдында Алакөлдің ғарыштан түсірілген фото-суреті жарияланған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз