Дрондар шабуылы: Мәскеу әуежайларында жүзге жуық рейс кешікті

Дрондар шабуылы қаупінен Мәскеу әуежайларында жүзге жуық рейс кешігіп жатыр. Әсіресе, Внуковада көп рейс кешеуілдеген.
RBC ақпаратына қарағанда, 60-тан аса ұшақ ұшпай қалған.
Басқа қалаларға қондырған
Өткен түндер Ресей астанасына шабуыл үдеп, төрт әуежайда да жұмыс тоқтаған. Онлайн-табло мәліметі бойынша, ұшатыны, қонатыны бар, жүздеген рейстер кешіккен.
Бір ғана Внуковода Мәскеу уақытымен 03:30-ге дейін 62 рейс кешеуілдепті. 16 ұшақтың қонуына рұқсат бермей, біразын Шереметьево әуежайына жіберген. Кейін мүлде жауып тастаған.
Кейбір ұшақтар Санк-Петербор әуежайына қонуға мәжбүр болды. Домодедоваға қонбақ болған ұшақтар да Шереметьевоға жіберілген.
Мәскеу мэрі шығын болмағанын мәлімдеді
Жуковский әуежайында екі рейс кешіктірілсе, үш ұшақ уақытында келмеген.
Мәскеу қаласына 28 мамырға қараған түні дрондар шабуылы жасалды. Қала мэрі Сергей Собянин 29 дронның жойылғанын хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, ғимараттар бүлінбеген. Зардап шеккендер де жоқ.
Айта кететін жайт, 23 мамырда КҚК «Кропоткинская» мұнай айдау станциясын қайта іске қосты. Ол 17 ақпанда шабуыл кесірінен тоқтаған болатын.