Ламин Ямал «Барселонамен» 2031 жылға дейін келісім-шарт жасады

Жарияланды 28 Мамыр 2025 17:57

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Ламин Ямалдың салық төленгеннен кейінгі жылдық табысы шамамен 19 миллион еуро болмақ. REUTERS/Albert Gea/File Photo
Ламин Ямалдың салық төленгеннен кейінгі жылдық табысы шамамен 19 миллион еуро болмақ. REUTERS/Albert Gea/File Photo

Ламин Ямал «Барселонамен» келісім-шартты ұзартты. Аталған футбол клубы мұны сейсенбіде ресми түрде хабарлады.

СNN ақпаратына қарағанда, осы келісім бойынша 17 жастағы супержұлдыз «Блауграна» сапында 2030/31 маусымының соңына дейін қалатын болады.

«Испания лигасында ойнағым келеді»

2024 жылдың желтоқсанында өткен Globe Soccer Awards марапаттау рәсімінде Ламин Ямал  сұхбат берген еді.  Онда:

«Барса — менің өмірімнің клубы. Мен Испания лигасында ойнағым келеді. Мен «Барсада» ойнағым келед. Иә, мен келісімшартымды ұзартамын. Мен оны жасаймын», – деді ол.

Жылдық табысы – 19 миллион еуро

Клуб келісімнің шарттарының егжей-тегжейін жария етпеді. Десе де, оған клубтың президенті Жоан Лапорта мен спорт директоры Деку қол қойғаны белгілі.

Испаниялық БАҚ-тың мәліметінше, Ламин Ямал жас болса да, өте жоғары деңгейде өнер көрсетіп жүр. Сондықтан командадағы ең көп жалақы алатын ойыншылардың біріне айналуы ғажап емес.

Салық төленгеннен кейінгі жылдық табысы шамамен 19 миллион еуро болмақ.

Жас жұлдыздың жетістіктері

Ламин Ямал өткен маусымда Испания Ла Лигасында алғаш рет жарқ етіп көрініп, бірнеше рекордтарды жаңартты. Ол Еуропа чемпионатында футбол сүйер әлем жұртшылығының назарына іліккен еді.

Сол турнирде оның көмегімен Ла Роха төртінші рет Еуропа чемпионы атанды. Жас жұлдыз тағы бірнеше тарихи жетістікке қол жеткізіп отыр.

Мұның алдында Ливерпуль футбол клубының жеңіс шеруі кезінде 27 адам жарақат алғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз