Түлектерінің бірі сыныптасын өлтірген мектептің директоры қызметінен кетті

Сыныптасының жүрегіне шампур тығып өлтіргені үшін мектептің директоры қызметінен кетті. Бұл туралы ІІМ вице-министрі мәлімдеді.
ҚазТАГ хабарлауынша, Санжар Әділов кәмелет жасына толмаған түлек қамауға алынғанын айтқан.
Оқиға Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең кентінде болған еді. Бұл оқиға үшін мектептің директоры, оқу ісі меңгерушісі мен екі мұғалім жазаға тартылған.
«Қасақана кісі өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу тобы жұмыс жасап жатыр. Сот санкциясымен күдікті екі айға қамауға алынды. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Мектептің директоры қызметінен кетті. Оқу ісі меңгерушісі мен екі сынып жетекшісі қатаң жазаланды», – деді Әділов.
Оның айтуынша, қылмыстық оқиғаның мән-жайы әлі анықталып жатыр.
Айта кететін жайт, Қаскелеңде 24 мамырда коттедж жалдап, мектеп бітіру кеші қантөгіспен аяқталған. Түлектер жанжалдасып, бірі екіншісінің жүрегіне кәуап пісіретін шампурды сұғып алып өлтірген болатын.