
Нұрлан Еспанов Нұрболат Абдуллинді көкпардың атына ұқсатты. Мұнысы – сымбатына мадақ айтқаны. Әншілердің арасындағы әзіл елді күлдірді.
«Көкіректі қарасай, көкіректі. Нұрболат көкпардың аты болса, мінуге қимайсың деймін. Тек қана қорада тұрып өлетін ат болады», – деп әзілдеді әнші.
Нұрлан Еспановтың әзіліне Нұрболат Абдуллиннің өзі де күліп жіберді.
Танымал әншілердің арасындағы қалжың көпшіліктің көңілінен шығып отыр.
«Нағыз қазақы әзіл», «Нағыз әртіс» деп күлкіге қарық болып жатыр.
Нұрлан Еспанов әріптесінің түр-сипатын осылай әзілмен мақтады.
Нұрболат Абдуллиннің «Сүйгенің қайда?», «Қызық екенсің», «Жүрегім» секілді танымал әні бар.
Нұрлан Еспанов «Өкінбе, досым», «Бала махаббат», «Әдемі қыз» және басқа да әндерді орындайды.
Мұның алдында әнші Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне билет қанша тұратыны туралы жазған едік.