Нұржан Нұрлановқа қатысты халықаралық тергеу тапсырмасы жолданды

Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұржан Нұрлановқа қатысты қылмыстық іс бойынша халықаралық тергеу тапсырмасы жолданды.
Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов бұл туралы Сенатта өткен брифингте хабарлады. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.
«Ешкімге күдік келтірілген жоқ»
«Бізде Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде рейдерлік фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу жалғасуда. Халықаралық тергеу тапсырмасы жолданды. Қазіргі сәтте ешкімге күдік тағылған жоқ», – деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, кейбір мән-жайларды әлі де анықтай түсу қажет.
Шетелде жүр
Десе де, Нұржан Нұрлановқа ресми түрде айып тағылмаған. Күдікті деп танылмаған. Одан тек куә ретінде жауап алынбақ. Содан кейін, істің анық-қанығына жеткен соң ғана, құқықтық баға берілуі мүмкін.
Жеңіс Елемесовтің айтуынша, қазір ол шетелде жүр.
Нұржан Нұрланов «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нің бас директоры қызметін атқарған. 2018 жылдың қаңтарынан бастап, ол «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма мүшесі болды.
Қылмыстық іс қозғалды
Оған дейін де квазимемлекеттік секторда бірқатар маңызды лауазымдарды атқарған.
Нұржан Нұрлановтың әкесі Нұрлан Нығматулин Қаңтар оқиғасынан кейін мәжіліс спикері қызметінен кетті.
Мұның алдында рейдерлік жасағаны үшін Нығматулиннің ұлының үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы жазған едік.