Асхат Аймағамбетов Назарбаев мектебіндегі даулы іске пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Назарбаев мектебінде болған даулы іске пікір білдірді. Ол болған жағдайды «мектептің жекеменшік ісі» деп есептейді.
«Бірінші, бұл – жеке мектептің құзыретіндегі мәселе. Үкіметтің, парламенттің құзыретіндегі, басқа әкімдіктің құзыретіндегі мәселе емес. Мектеп өзі шешім қабылдауы керек және мектеп шешім қабылдады. Біз оны құрметтеуіміз керек және оған бағынуымыз керек», – деді ол.
Депутат мұғалімдердің мәртебесін бұзғаны үшін жаза болуы керек деп есептейді.
«Мұғалім мәртебесін бұзған азамат үшін, ол кім болсын ересек болса да шара қолдану керек, ол дұрыс деп санаймын. Екіншіден, бұл жерде академиялық пен адалдық қағидаларын бұзғаны үшін де бар. Кезінде университетте өрескел заң бұзушылық жасаса, оларды университетте шығару бойынша өзім де сондай норманы бергенмін», – деді ол
Сондай-ақ ол балаға тиісті психологиялық қолдау көрсету бойынша жұмыс істеу керек деп атап өтті.
Осыған дейін бұл іске қатысты депутат Ирина Смирнова пікір білдірген. Ол жасөспірімнің жағына шығып, оның қателік жасағанына мектептің де қатысы бар деп есептейді.