«Болашақ» шахтасында болған апаттан кейін жұмыс тоқтап, комиссия құрылды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қазхром
Фото: Төтенше жағдай министрлігінің сайтынан

«Қазхром» компаниясына тиесілі Дон тау-кен байыту комбинатының «Болашақ» шахтасындағы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігінің сайтында жазылған.

Жағдайды толық анықтау үшін Ақтөбе облысына төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергенов пен Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Кеңгірбай Есенеев келді.

Вице-министр апаттың себебін анықтау үшін тергеу жөніндегі комиссия құруды тапсырды. Жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шахтадағы барлық жұмыстарды уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылданды.

Одан бөлек вице-министр ауруханада жатқан зардап шеккендер адамдарға барып, жағдайларын сұрап қайтты.

Еске салайық, 25 мамырда  Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы «Болашақ» шахтасында өрт шықты. Үш жұмысшыны күйік шалып, ауруханаға түсті. Компания мәліметінше, кен орнында ауа құрамында жанғыш қоспа тұтанып, от тұтанған.

Сондай-ақ оқыңыз