БЖЗҚ-дағы инвестициялық табыс 11,59 трлн теңгеге жетті

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
БЖЗҚ
Фото: ашық дереккөзден

2014 жылдан бері жиналған таза инвестициялық табыс 11,59 трлн теңгеге жетті. Бұл – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан хабарлады.

Осылайша таза инвестициялық табыстың үлесі зейнетақы жинақтарының жалпы көлемінің 39,8%-ын құрайды.

2024 жылғы 1 мамырдан 2025 жылғы 1 мамырға дейінгі аралықта:

  • Міндетті және ерікті зейнетақы жарналары бойынша табыстылық – 13,35%, ал осы кезеңдегі инфляция – 10,70%.
  • Жұмыс беруші аударатын міндетті зейнетақы жарналары бойынша табыстылық – 9,03%.

1998 жылдан 2025 жылғы 1 мамырға дейінгі жинақталған табыстылық – 968,6%, ал инфляция – 875,1%.

Осыған дейін жыл басынан бері Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруындағы 22,6 трлн теңге зейнетақы активінің ивесттабысы теріс қалыптасты деп хабарланған еді. Қор салымшылары жалпы сомасы 231,54 млрд теңге жоғалтқан.

Қор өкілдерінің сөзінше, қысқа мерзімдегі табыстылық көрсеткіштері инвестиция тиімділігін толық көрсете алмайды. Өйткені, қысқа уақытта қаржы құралдары мен валюта бағамдарының құбылуы табысқа әсер етеді. Сондықтан табысты кемінде 1 жылдық кезеңмен бағалау ұсынылады.

Қазақстанда міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына инфляцияны ескере отырып мемлекеттік кепілдік қарастырылған. Егер табыстылық төмен болып, төлем уақыты келгенде салымшы шығынға ұшыраса, мемлекет айырманы өтеп береді.

Сондай-ақ оқыңыз