Досжан Мұсалиев Жаслан Мәдиевтің жаңа орынбасары болып тағайындалды

Досжан Мұсалиев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа вице-министр 1985 жылы дүниеге келген.
2002–2007 жылдары — Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің академиясын бітірген. 2012–2014 жылдары — Қазақ гуманитарлық-заң университетін Құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында ақпараттық қауіпсіздік, жеке деректерді қорғау, телекоммуникациялар және ақпараттық технологиялар салаларында әртүрлі офицерлік және басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 мамырдағы Жарлығымен «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Елдегі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі – Жаслан Мәдиев. Жақында ол Қазақстанда Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер іске қосылатын мәлімдеді.