Олжас Бектенов ExxonMobil вице-президенті Питер Ларденмен кездесті

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: primeminister.kz сайтынан

Теңіз жобасына жергілікті тауар және қызмет өндірушілерді көбірек тарту қажет. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов ExxonMobil компаниясының аға вице-президенті Питер Ларденмен кездесуінде айтылды.

Кездесу барысында Теңіз және Қашаған кен орындарындағы жобалардың іске асырылуына, сондай-ақ Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйелерін одан әрі пайдалануға назар аударылды.

«Премьер-министр тауарлар бойынша локализациялау деңгейі жеткіліксіз болып қалатын Теңіз жобасы шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесін ұлғайту жөніндегі күш-жігерді жандандыру қажеттігін атап өтті», – деп жазылған үкімет хабарламасында.

Осыдан бөлек Қашаған кен орнын игеру кезеңдерін іске асыруды және қуаттылығы жылына 2,5 млрд м3 газ өңдеу зауытын салу жоспарланып отырған 2А кезеңін іске асыру дайындығын талқылады. 2Б кезеңін іске асыру бойынша жедел шешім қабылдаудың маңыздын атап өтті. Жалпы, жоба іске қосылған сәттен бастап кен орнында шамамен 906 млн баррель мұнай және 75 млрд м3 газ өндірілді, жалпы алынатын қорлары шамамен 15,885 баррель мұнай және 1,4 трлн м3 газды құрайды. 

Сондай-ақ оқыңыз