Telegram Илон Масктың компаниясынан 300 млн доллар алады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: коллаж KursivMedia

Telegram мессенджері Илон Маск негізін қалаған xAI стартабынан 300 миллион доллар көлемінде қолма-қол қаражат алады. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) Павел Дуров жазды.

Жазбасында компаниялар Grok чат-ботын Telegram қолданушыларына тарату мақсатында бір жылға серіктестік орнатқанын айтты.

«Telegram және xAI бір миллиардтан астам Telegram қолданушысына Grok чат-ботын тарату және оны өз қосымшаларына интеграциялау үшін бір жылға келісімге келді. Telegram xAI-дан 300 миллион доллар көлемінде қолма-қол қаражат пен акционерлік капитал, сондай-ақ Telegram арқылы сатылатын xAI жазылымдарынан 50% табыс алады. Біз бірге жеңіске жетеміз», – деп жазды Дуров.

Айта кетейік, осы жылы наурызда Телеграм әлемдегі ең танымал екінші мессенджер атанды. Ай сайынғы белсенді қолданушылар саны бір миллиардтан асты.

Сондай-ақ оқыңыз