Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинмен сөйлесті. Бұл туралы Ақордадан хабарлайды.

«Әңгімелесу барысында сауда-экономика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Президенттер екі ел арасындағы достыққа, тату көршілікке және одақтастыққа негізделген мемлекетаралық байланыс қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті», – деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Осыған дейін Тоқаев Германия Бундесратының Президенті Анке Релингермен кездескен еді. Президент кездесуде Қазақстан үшін қолайлы басқару жүйесін атаған еді.

 «Заңнамаға, ең әуелі, Конституцияға жасалған өзгерістер Қазақстанның жаңғыру жолына түбегейлі түскенін көрсетеді. Әрине, реформалар жалғасып жатыр. Құқық қорғау және сот жүйесіне де өзгерістер енгізілуі мүмкін. Бұл – өте маңызды. Бірақ мемлекеттің құрылымы, мен бұл жерде президенттік басқару жүйесі туралы айтып отырмын, бұрынғы қалпында сақталады. Өйткені қазіргідей алмағайып кезеңде мемлекеттің сипаты осындай болуға тиіс. Бұл біздің түсінігімізге сай келеді», – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыз