Астанада LRT құрылысы маңында өрт болды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Астанадағы LRT құрылысы өртенді / фото: Kursiv.Media мұрағаты
Астанадағы LRT құрылысы өртенді / фото: Kursiv.Media мұрағаты

28 мамырда Астанада Қабанбай батыр даңғылында – LRT құрылысы жүріп жатқан ауданда өрт шықты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құрылыс материалдары өртенген. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткен уақытта тілсіз жау шамамен 15 шаршы метр жерді шаршып үлгерген.

«Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылының арқасында өрт тез сөндірілді. Ешкім зардап шекпеді», – деп хабарлайды министрлік.

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Қазіргі уақытта Астанадағы LRT жобасы аясында құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталды. Жол төсеу, станциялар қасбетін монтаждау, эстакаданың тіректері мен арқалықтарын сырлау, сыртқы инженерлік желілерді қосу, эстакада асты аймағын абаттандыру және депо құрылысы жұмыстары жалғасып жатыр.

LRT құрылысына байланысты Астанада жарты жылға жуық жол қозғалысы шектелген.

Сондай-ақ оқыңыз