Экс-дипломат Сәкен Мамаш ісі кейінге қалды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Сәкен Мамаш ісі кейінге қалды/фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі болған Сәкен Мамаштың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы 10 маусымда өтетін болды.

Сот отырысы 29 мамырда өтуге тиіс еді. Алайда жәбірленуші тараптың адвокатының өтініш бойынша сот отырысы кейінге шегерілген.

Қылмыстық іс Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралады.

Сәкен Мамаш ісі

БАӘ-дегі қазақстандық дипломат Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш 2024 жылдың мамырында видео жариялап, 10 жыл бойы күйеуінен қорлық көргенін айтты. Содан кейін дипломат елге шұғыл түрде шақырылды.

Содан кейін дипломаттың үстінен іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеуді Астана қаласы Есіл ауданы полиция басқармасы жүргізді. Іс Қылмыстық кодекстің 110-бабы (қинау) бойынша жүргізілген.

Бастапқыда 2025 жылдың 18 сәуірінде қылмыстық іс айыптау актісімен бірге Астана прокуратурасына жолданған. Күдіктінің қорғаушысының өтініші негізінде іс құжаттары 27 наурызда қосымша тергеу жүргізу үшін полицияға қайтарылған.

Сәкен Мамаш 2025 жылдың 4 сәуірінде қамауға алынды.  Бұған дейін істің сотқа түскені хабарланды

Сондай-ақ оқыңыз