Шерзат Полаттың отбасы сотталушылардан 660 млн теңге өндіруді сұрады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Шерзат Полаттың отбасы сотталушылардан 660 млн теңге өндіруді сұрады/фото: kursiv.media

Қаржаубай Нұрымовтың отбасы сотталушылардан моральдық шығын ретінде 660 млн теңге өндіруді сұрады. 29 мамырдағы сот отырысында жәбірленушілердің адвокаттары азаматтық талап-арыз жолдады.

Талап-арыздың мәні

Сотталушы Абзал Шынасылдан жәбірленуші Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына ұлының жерлеу рәсіміне жұмсалған шығын ретінде 2 млн 794 мың теңге материалдық шығын өндіру;

Сотталушы Абзал Шынасыл және Равиль Сакиевтен Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына моральдық шығын ретінде 100 млн теңге өтемақы өндіру;

Сотталушы Абзал Шынасыл және Равиль Сакиевтен Гүлбара Бишембиеваның пайдасына моральдық шығын ретінде 100 млн теңге өтемақы өндіру;

Сотталушы Абзал Шынасыл және Равиль Сакиевтен Жұмабике Қадырованың пайдасына пайдасына моральдық шығын ретінде 100 млн теңге өтемақы өндіру;

Сотталушы Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Азамат Тоқтаубаев, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметтен ортақтасқан үлес түрінде Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына моральдық шығын ретінде 120 млн теңге өтемақы өндіру;

Сотталушы Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Азамат Тоқтаубаев, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметтен ортақтасқан үлес үлес түрінде Гүлбара Бишембиеваның пайдасына моральдық шығын ретінде 120 млн теңге өтемақы өндіру;

Сотталушы Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрқияс Ілиясов, Азамат Тоқтаубаев, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметтен ортақтасқан үлес үлес түрінде Жұмабике Қадырованың пайдасына моральдық шығын ретінде 120 млн теңге өтемақы өндіру.

Сот шешімі

Іске төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақов азаматтық талап-арызға қатысты қаулы шығарды.

Сот бұл талап-арызды қабылдап, жәбірленуші Нұрымов, Қарырова, Бишембиеваны осы қылмыстық іс бойынша азаматтық талапкер ретінде танып, сотталушы Шынасыл, Сакиев, Белғожаев, Әскентай, Ілиясов, Азамат Тоқтаубаев, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахметті азаматтық жауапкер ретінде тануға қаулы етті.

Жарыссөз 2 маусымда басталады

Қылмыстық іс бойынша жарыссөз 2025 жылдың 2 маусымында сағат 10:00-де өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз