Ақтау теңіз сауда портының президенті ұсталды
Жарияланды

Ақтау халықаралық теңіз сауда портының президенті ұсталды, деп хабарлады Кazinform өзінің дереккөзіне сүйеніп.
Басылым теңіз сауда порты басшысының ісін Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп жатқанын жеткізді.
Порт басшысының ұсталу себебі айтылмаған. Ақпаратқа қарағанда қазір ол тергеу изоляторында.
Ақтау халықаралық теңіз портының президенті – Абай Түрікпенбаев. Ол бұл қызметке 2017 жылы тағайындалған. Оның алдында Құрық портының бас директоры, Ақтау портының техникалық мәселелер жөніндегі вице-президенті қызметтерін атқарған.
KursivMedia ҰҚК-ге істің мән-жайын сұрап, ресми сауал жолдады.
Бұған дейін, Астана LRT-ның сырттай сотталған бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталған.