ДСМ COVID-19-дың жаңа тармақтарына қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
ДСМ COVID-19-дың жаңа тармақтарына қатысты мәлімдеме жасады
ДСМ COVID-19-дың жаңа тармақтарына қатысты мәлімдеме жасады/Фото: МАГАТЕ

Қазақстанда COVID-19-дың Омикрон штамы, оның ішінде JN.1 қосалқы түрі мен оның LF.7.1.3, LP.8.1, LF.7.6 және KP.3.1.1 тармақтары айналымда жүр. Бұл туралы ДСМ хабарламасында айтылған.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті елдегі коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін айтады. Комитет іштегі сырқаттанушылық пен әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға апта сайынғы мониторинг жасайды.

«Жыл басынан бері COVID-19-дың 362 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 3,4 есеге төмендеген, өлім жағдайы тіркелген жоқ. Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр, пациенттер амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда», – делінген комитет хабарламасында.

Вирус айналымы мен оның әртүрлі нұсқаларына жүргізілген мониторинг Қазақстанда анықталған барлық 100% жағдайларда Омикрон нұсқасы айналымда жүргенін көрсеткен. Мониторнг барысында аталған штамның JN.1 қосалқы түрі мен оның LF.7.1.3, LP.8.1, LF.7.6 және KP.3.1.1 тармақтары анықталған.

Бұған дейін, комитеттің бас сарапшысы Жанерке Тлеуғалиева елдегі жағдайға байланысты толымды мәлімет берген.

Сондай-ақ оқыңыз