Ильзат Акчурин Алматы қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы болып тағайындалды
Жарияланды

Алматы қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы ауысты.
Бұл қызметті экс-әкім Ерболат Досаевтың тұсында атқарып келген Әлия Адамбаеваның орнына Ильзат Акчурин.
Ильзат Акчурин осы уақытқа дейін «Алматы» арнасында бас директорлың орынбасары қызметін атқарып келген.
Бұл кадрлық өзгеріс қала әкімі ауысқаннан көп өтпей болып отыр. 24 мамырда Ерболат Досаев қызметінен босатылып, Алматы қаласының әкімі болып Дархан Сатыбалды тағайындалған.