Қарашығанақ акционерлері газ өңдеу зауытына инвестиция салуға ниетті емес

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Қарашығанақ акционерлері Газ өңдеу зауытына инвестиция салуға ниетті емес
Қарашығанақ акционерлері газ өңдеу зауытына инвестиция салуға ниетті емес/Фото: PetroCouncil.kz

AIF кулуарларында бірқатар дереккөздер Қарашығанақ газ өңдеу зауытына қатысты акционерлер ертең жариялауы тиіс шешім жайлы пікірлерін ортаға салды. Бұл туралы Energy Monitor қоғамдық қорының директоры Нұрлан Жұмағұлов Energy Monitor телаграм арнасын жазды.

Дереккөздер акционерлердің бір бөлігі үкіметтің тауарлық газ өндіру қуатын арттыру туралы өтінішіне құлақ асуға дайын еместігін жеткізген. Инвесторлар Қазақстаннан шамамен 1 миллиард доллар ГӨЗ құнының айырмасын өтеуді ұсынған.

«Өйткені бұл жоба олар үшін тиімсіз: EPC-мердігердің бағасы – 3,7 млрд доллар, ал акционерлер тек 2,7 млрд доллар бөлуге дайын. Бұған қоса, инвесторлар қазіргі арбитраждық дауларды шешуді де ұсынып отыр», – делінген арнадағы ақпаратта.

Нұрлан Жұмағұлов үкіметтің акционерлердің шарттарын қабылдамай, зауыт құрылысын өз күшімен (ҚМГ және/немесе серіктес-инвесторлар арқылы) жүзеге асыруға дайын екеніне позитивті бағалайды.

«Өйткені инвесторлар кетеді, ал ГӨЗ қалады – ол келесі ұрпаққа қызмет етеді (Қарашығанақта газ жеткілікті). Солай бола тұра, ГӨЗ құрылысының жеделдетілуі үшін EPC-бас мердігер (Hyundai Engineering) өзгеріссіз қалады, бірақ құрылыс жұмыстарының өзін арзандату үшін құрылыс мердігері ауыстырылады (қазақстандық жобаларда итальян компанияларының саны азаяды)», – дейді ол.

Сарапшы акционерлердің шешімі түсініксіз екенін, өйткені ӨБЖ (ОСРП) аясында барлық шығындар өтелетінін атап өткен.

«Ертең, мысалы, ескі Орынбор ГӨЗ-і белгісіз мерзімге тоқтап қалса – не істемекпіз?
Қарашығанақ бойынша ӨБЖ-ны ұзарту жөнінде ешқандай келіссөздер болмайды деп нық айтуға болады! PSA-ның қазіргі басшылығына алғысымды білдіремін!», – дейді Нұрлан Жұмағұлов.

Бұған дейін, Қарашығанақтағы газ зауытының құрылысы баяулап жатқанын, тіпті зауытты іске қосу мерзімі тағы да кейінге шегерілгенін жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз