Тоқаев БҰҰ-ның жоғары өкілдерімен кездесу өткізді

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Тоқаев БҰҰ-ның жоғары өкілдерімен кездесу өткізді
Тоқаев БҰҰ-ның жоғары өкілдерімен кездесу өткізді/Фото: Ақорда сайты

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысу елге келген БҰҰ-ның жоғары өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда сайты.

Презиеднт БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Бас хатшысының цифрлық мәселелер және озық технологиялар жөніндегі арнаулы өкілі Амандип Сингх Гиллмен, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Даму бағдарламасы Әкімшісінің орынбасары Хаолян Шумен, БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстан бойынша арнайы өкілі және Ауғанстанға көмектесу жөніндегі БҰҰ миссиясының басшысы Роза Отынбаевамен, БҰҰ Бас хатшысының жастар ісі жөніндегі көмекшісі Фелипе Паульермен кездескен.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Астана халықаралық форумына БҰҰ-ның беделді өкілдерінің қатысуы сан қырлы әрі сындарлы диалогтың баршаға ортақ екенін көрсетеді.

Қазақстан Президенті геосаяси тұрақсыздық белең алған кезеңде БҰҰ өзінің әмбебап әрі баламасыз сипатын сақтап, бейбітшілік, қауіпсіздік және дамуды қамтамасыз ету ісіндегі бірегей Ұйым ретінде қала беретініне сенім білдірген.

Сондай-ақ президент Астана халықаралық форумына келген көптеген мәртебелі меймандармен кездесу өткізіп, кейбірін жеке қабылдады:

  • БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) бас директоры Цюй Дунъюймен кездесті;
  • Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсені қабылдады;
  • Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының бас директоры Дарен Тангты қабылдады;
  • Google компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа бойынша вице-президенті Патрик Ворнкингті қабылдады;
  • Жаһандық жасыл даму институтының төрағасы Пан Ги Мунмен кездесті;
  • Ауғанстан өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Нуриддин Азизиді қабылдады;
  • Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның бас директоры Эми Поупты қабылдады;
  • Біріккен Араб Әмірліктерінің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазруиді қабылдады;
  • Францияның сыртқы сауда делегат-министрі Лоран Сен-Мартенді қабылдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде алпауыт елдерді барлық мемлекеттің территориялық тұтастығын сақтауға шақырып, әлемдегі соғыстар мен қақтығыстардың жаһандық қауіпке айналғанын атап өткен.

Сондай-ақ оқыңыз