Air Astana алғаш рет дивиденд төлейді: инвесторлар 19,1 млрд теңге алады

Air Astana акционерлері компания тарихында алғаш рет дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы QAMS жеке акционерлер қауымдастығы хабарлайды.
Жылдық жалпы жиналыс қорытындысы бойынша, 2024 жылғы таза табыстың 74,84%-ы, яғни 19,1 млрд теңге, акционерлерге төленетін болды. Бұл қаражат әр қарапайым акцияға 53,7 теңге көлемінде үлестіріледі.
Дивиденд алуға құқық беретін акционерлер тізімі 2024 жылғы 24 маусымда, сағат 00:00-де түзіледі. Алайда T+2 сауда режимін ескерсек, акцияны сатып алып, тізімге ену үшін 20 маусымға дейін үлгеру қажет. Ал төлемдер 25 маусымнан бастап жүргізіледі.
Айта кету керек, бұл күндер тек қарапайым акцияларға қатысты. GDR (жартылай шетелдік үлестіру құралдары) иелері үшін тізімге ену күні бөлек белгіленеді – оны акциялардың номиналды ұстаушылары анықтайды.
Бүгінде айналымда Air Astana-ның 356,1 млн акциясы жүр .
Компанияның акцияларының 41 пайызы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі. Одан кейінші ірі акционері – британнның BAE Systems (16,95%) компаниясы. Citibank номиналды ұстаушыларына 21,74 акциясы тиесілі болса, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 6,51% үлесін иеленеді.
Air Astana IPO-сы
2024 жылдың ақпанында Air Astana тарихта алғаш рет үш бірдей алаңда – Лондон қор биржасы (LSE), Астана халықаралық биржасы (AIX) және Қазақстан қор биржасында (KASE) бір мезетте листингке шығып, алғашқы жария ұсынысын (IPO) жүзеге асырды. Бұл — еліміздегі алғашқы үштік листинг болды.
IPO нәтижесінде компания жалпы көлемі 370 млн АҚШ долларын жинады. Оның 120 млн доллары Air Astana-ның өз дамуына бағытталды. Қалған бөлігі бұрынғы акционерлер – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мен BAE Systems компаниясына түсті.
Айта кету керек, IPO-дан кейін «Самұрық-Қазына» қорының компаниядағы үлесі 51%-дан 41%-ға дейін азайды.
Алайда бір жыл өтпей, Air Astana акцияларының құны 36%-ға төмендеді. Егер IPO кезінде бір акция 1 190 теңгеден сатылса, қазір олар 752,5 теңгеден саудаланып жатыр.