Қазақстан атом энергетикасын дамытуға басымдық бермек

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Атом энергетикасын дамытуға басымдық беріледі. Фото: shutterstock

Қазақстан атом энергетикасын дамытуды ұлттық стратегияның басым бағыты ретінде қарастырады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумы барысында мәлімдеді.

«Әлемдегі уран қорының 40 пайызы Қазақстанның еншісінде. Сондықтан еліміз атом энергетикасын дамытуды ұлттық стратегияның басым бағыты ретінде қарастырады», – деді Тоқаев.

Президент жыл басында Қазақстанда үш АЭС салынатынын айтқан.

Қазақстан – ірі уран өндіруші ел. 2022 жылы республика әлемде өндірілген уранның 43 пайызын берген. Кейінгі жылдары Қазақстан уранды Ресей мен Қытайға көбірек, ал АҚШ пен Еуропаға азырақ сатқан.

Сондай-ақ оқыңыз