Кредитін үш ай төлемеген адам жаңа несие ала алмайды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
кредит
Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Микроқаржы ұйымдарына несиеге батқан адамға тағы да кредит беруіне заңмен тыйым салынады. Жеке тұлғаның бір банкте төленбегеніне үш айдан асқан (90 күн) қарызы болса, ол басқа банктер немесе шағын несие ұйымынан тағы несие ала алмайды. Тағы несие алу үшін бұрынғы қарызын толық жабуы тиіс.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агеттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың айтуынша, халықтың қарызға батуына жол бермеуін көздейтін заңнамалық шаралар қабылданған.

«Егер жеке тұлғаның басқа банк немесе мкроқаржы ұйымынан алған несиесін өтеу мерзімі 90 күннен асса, сол қарызын толық жаппайынша, жаңа несие ала алмайды. Одан бөлек, нормативтік құжаттар негізінде кепілсіз тұтынушылық несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесін 56 пайыздан 46 пайызға дейін, кепіллі қарыздыі пайыздық мөлшерлемесін 40 пайыздан 35 пайызға дейін төмендеттік», – деді ол.

Сонымен бірге несиені бірінші рет рәсімдейтін болса, азаматтарға банкке немесе кредит алатын ұйымға баруы керек болады. Ал егер банктер бұл талапты орындамаса, мұндай жолмен рәсімделген несие соттан тыс есептен шығарылады

Сондай-ақ оқыңыз