Qarmet Сингапурда аймақтық өкілдігін ашады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Qarmet  компаниясы халықар
Qarmet Сингапурда аймақтық кеңсесін ашады / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Qarmet компаниясы халықаралық капитал нарығына шығу стратегиясы аясында Сингапур қаласында кеңсесін ашатынын мәлімдеді.

Бұл шешім компанияның жаһандық ауқымда дамуға деген ниетін, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі серіктестік байланыстарын нығайтуға бағытталған қадамын білдіреді.

«Сингапурда өкілдік ашу – тез өсіп келе жатқан Азия нарығындағы сын-қатерлерге жедел әрекет етуге және Qarmet компаниясының өңірлік аясын кеңейтуге мүмкіндік береді», – делінген компания хабарламасында.

Жаңа бизнес-модель мен капитал тартуға басымдық берілмек

Металлургия компаниясы қазіргі таңда өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарын жетілдіру, өндіріс сапасы мен көлемін арттыру бағытында терең жаңғырту бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бұл бағыттағы алға ілгерілеу жаңа бизнес-модельді енгізуді, сондай-ақ айтарлықтай инвестициялар тартуды қажет етеді.

Сондықтан да Сингапурда кеңсе ашу – институционализация және жаһанданудың қисынды жалғасы. Кеңсе Сингапурмен қатар Малайзия, Индонезия және Австралия секілді елдермен тығыз экономикалық байланыс орнатуға бағытталған.

Жаңа меншік иесімен тұрақты өсімге бет алған компания

2023 жылы ArcelorMittal-дан активтерді алған соң, Qarmet компаниясын Qazaqstan Steel Group басқара бастады. Сол сәтте компания елеулі қаржылық қиындықтармен бетпе-бет келген болатын. Алайда «Қалпына келтіру жоспарының» сәтті іске асуының арқасында бүгінгі күні Qarmet тұрақты өсімді көрсете бастады.

S&P Global деректеріне сәйкес, 2025 жылдың алғашқы тоқсанында болат өндірісі – 30%-ға өскен. Ал өнім жөнелту көлемі – 23%-ға артқан.

Металлургия нарығындағы жағдайға қарамастан, компания қарқынды дамып келеді. Сонымен қатар, компанияның ішкі дамуы үшін Qarmet Қытай банктерінен 1,3 млрд доллар қарыз алатыны хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз