«Челси» барлық еурокубоктік жүлдені жеңіп алған алғашқы футбол клубы атанды

Жарияланды 29 Мамыр 2025 08:51

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
«Челси» барлық еурокубоктік жүлдені жеңіп алған клуб / фото: ашық дереккөз

Ағылшынның әйгілі «Челси» футбол клубы Еуропа футболындағы жаңа тарихи жетістікке қол жеткізді. Польшадағы Вроцлав қаласында өткен Конференциялар лигасының финалында лондондықтар испаниялық «Бетисті» 4:1 есебімен ойсырата жеңді.

Жеңіске жеткен команда сапында Энцо Фернандес (65-мин), Николас Джексон (70), Джейдон Санчо (83) және Мойзес Кайседо (90+1) гол соқты. «Бетис» сапында жалғыз голды Абде Эззалзули (9) еншілеген.

Бұл трофей арқылы «Челси» Еуропаның барлық негізгі клубтық турнирлерін жеңіп алған алғашқы командаға айналды. Бұған дейін олар:

  • Чемпиондар лигасын — 2012 және 2021 жылдары,
  • Еуропа лигасын — 2013 және 2019 жылдары,
  • Кубок иегерлері кубогын — 1971 және 1998 жылдары,
  • УЕФА Суперкубогын — 1998 және 2021 жылдары,
  • Клубтар арасындағы әлем чемпионатын — 2021 жылы жеңіп алған болатын.

Ал Конференциялар лигасы — УЕФА ұйымдастыратын үшінші деңгейлі турнир. Алғаш рет 2021/22 маусымынан бастап өткізіліп келеді. Бұған дейінгі жеңімпаздар қатарында «Рома» (2021/22), «Вест Хэм» (2022/23) және «Олимпиакос» (2023/24) бар.

«Бетис» үшін бұл — клуб тарихындағы алғашқы еурокубоктік финал болды. Дегенмен, тәжірибелі «Челсиге» қарсы тұра алмады.

Еске сала кетейік, 16 жастағы қазақ баласы Дастан Сәтпаев бұған дейін лондондық «Челси» футбол клубымен келісім шартқа отырған еді.

Сондай-ақ оқыңыз