Еурокомиссия порно-платформаларға шектеу енгізбек

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Еурокомиссия порно-платформаларға шектеу енгізбек / фото: shutterstock

Еуропалық комиссия Pornhub, Stripchat, XNXX және XVideos платформаларына қатысты ресми тергеу басталғанын хабарлады.

Тергеу аталмыш платформалардың ЕО-ның «Цифрлық қызметтер туралы заңы» (Digital Services Act, DSA) талаптарын, әсіресе кәмелетке толмағандарды қорғау шараларын қалай орындап жатқанына қатысты жүргізіліп жатыр.

Комиссия бұл платформалардың пайдаланушылардың жасын тексеру бойынша тиімді шаралар қабылдамай отырғанына күмәнданады. Бұл заң талаптарына сәйкес, кәмелетке толмағандардың ересектерге арналған контентке қол жеткізуіне жол бермеу үшін қажет.

Сонымен қатар, Еурокомиссия осы платформалардың балалардың құқықтарына, психикалық және физикалық саулығына зиян келтіру қаупін бағалау мен алдын алу шараларын да орындамай отыр деп санайды.

Кәмелетке толмағандарды қорғау

Цифрлық қызметтер туралы заң аясында кәмелетке толмағандарды қорғау – басты басымдықтардың бірі. Сондықтан заңда порнографиялық контент ұсынатын платформаларға:

  • Пайдаланушылардың жасын нақты тексеруге арналған технологияларды қолдану;
  • Заңға қайшы келетін контентті жедел түрде жою;
  • Пайдаланушыларға заңсыз контент туралы хабарлауды жеңілдететін құралдар ұсыну міндеті жүктелген.

Еуроодақ елдері шағын платформаларға да осы заң талаптарын орындау бойынша бірлескен шаралар қабылдап жатыр.

DSA талаптарын өрескел бұзған ірі платформаларға олардың жылдық табысының алты есеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін OnlyFans порно-платформасы 8 млрд долларға сатылып жатқаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз