
2025 жылдың 31 мамыры – футбол сүйер қауым үшін тағатсыз күткен күн. УЕФА Чемпиондар лигасының финалында Францияның ПСЖ мен Италияның Интер клубтары жасыл алаңда кездеспек. Алматы қаласында бұл тарихи ойынды тікелей эфирде көруге мүмкіндік беретін бірнеше орын бар. Біз назарларыңызға солардың ішіндегі ең танымал орындарды ұсынамыз.
Velvet Sport Villa: ашық аспан астындағы футбол кеші
- Мекенжайы: Жандосов 58/1, 3-қабат
- Басталу уақыты: 22:00
- Билет құны: 5 000 теңге
- Жас шектеуі: 21+
Velvet Sport Villa футбол финалын спорт, ойын және музыкамен ұштастыра отырып өткізбек. Қонақтарды ашық аспан астында үлкен экран, welcome drink, PlayStation, FIFA, аэрохоккей мен боксерлік груша сияқты ойын-сауықтар күтеді. Сонымен қатар, келушілер арасында Chaplin киносына билеттер, BRUX брендтік сертификаттары және спорттық абонементтер сынды бағалы сыйлықтар ойнатылады. Кешті жүргізуші Дмитрий Доронин, музыкалық сүйемелдеуді DJ Gary Harison мен арнайы қонақ DJ Den қамтамасыз етеді.
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы: үлкен экран мен тегін кіру
- Мекенжайы: Абай даңғылы, 44
- Басталу уақыты: 21:00
- Кіру: тегін, бірақ орын саны шектеулі
Алматының ортасында орналасқан бұл спорт сарайы финалды үлкен экранда көрсетіп, стадион атмосферасын жеткізбек. Кеш жүргізуші, DJ, фан-зона және арнайы белсенділіктер ұйымдастырылады. Бұл – матчты көпшілікпен бірге көруді қалайтындар үшін қолайлы әрі тегін нұсқа.
Kinoforum 10: жайлы және сапалы трансляция
- Мекенжайы: Сәкен Сейфуллин даңғылы, 617, Forum сауда орталығы, 5-қабат
- Басталу уақыты: 23:50
- Билеттер: ticketon.kz және kino.kz арқылы сатылады
Кинотеатр форматына бейімделген трансляцияны ыңғайлы әрі сапалы көргісі келетіндер үшін Kinoforum 10 лайықты нұсқа. Заманауи жабдықтармен қамтылған экран, жайлы кресло мен тыныш атмосфера – бұл орынның басты артықшылығы.
Open Cinema Almaty
- Мекенжайы: Жандосов 58/1, 3-қабат (Айманов жағынан кіру)
- Басталу уақыты: 22:00
- Билет құны: 5 000 теңге
Velvet Sport Villa-мен серіктестікте ұйымдастырылып жатқан бұл формат ашық аспан астындағы кинотеатралды кешке ұқсайды. Футбол сүйер қауым үшін бұл – қалада ерекше кеш өткізуге мүмкіндік.
Алматыда Чемпиондар лигасының финалын көруге арналған ұсыныстар әртүрлі форматта және аудиторияға бағытталған. Спорттық шоу мен белсенділік қажет болса – Velvet Sport Villa, көпшілікпен бірге атмосфера сезінгіңіз келсе – Балуан Шолақ сарайы, ал жайлы трансляция қажет болса – Kinoforum 10 таңдауға тұрарлық.
Еске сала кетейік, бұған дейін Германияның Мюнхен қаласындағы Альян Арена стадионында өтетін ПСЖ – Интер матчына билеттер қаншадан сатылғаны туралы жазған едік.