Қатар және Түркия инвесторлары Астанада 320 млн долларлық жобаны жүзеге асырады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қатар және Түркия
Қатар және Түркия инвесторлары Астанда агроөнеркәсіптік кешен салады / Фото: СІМ

Қатар және Түркия компаниялары Астанада ірі инвест-жобаны жүзеге асырады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, «Tiryaki Agro» түрік холдингі мен «Hassad Food» қатарлық компаниясы елде ірі агроөнеркәсіптік жобаларды жүзеге асырады. Инвестициялық келісімшартқа Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов пен «Kazak Protein» ЖШС бас директоры Юлдыз Коксал Салих қол қойған.

Кешен Астана қаласының Байқоңыр ауданында салынады. Онда дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдарды терең өңдеуге бағытталған, толық өндірістік циклді қамтитын кәсіпорын ашылады.

Инвесторлар жобаға шамамен 320 млн доллар құюды жоспарлап отыр. Жоба құрылыс кезінде және пайдалануға берілген соң 500-ден астам жұмыс орны ашылады.

Кешен туралы

Бұл кәсіпорын жылына 250 мың тонна бидай, 80 мың тонна бұршақты қайта өңдеп, нарыққа шығарады. Кешен мынадай өнімдер шығарады:

  • бидай мен бұршақ крахмалы;
  • глютен;
  • лизин;
  • ГФС-55 шәрбаты;
  • құрама жем;
  • бұршақ ақуызының изоляты.

Бұл өнімдерді ішкі нарықтан бөлек, ТМД, ЕО елдеріне, Түркияға, Солтүстік Америка мен Оңтүстік Шығыс Азияға экспорттау көзделіп отыр.

Айта кетейік, Қонаев қаласында бидай өнімдерін өңдейтін үш зауыт салынады. Зауыт өнімдері ішкі нарыққа шығарылып, Қытайға экспортталады.

Сондай-ақ оқыңыз