Баян Мақсатқызы Тұрсын Алагөзовтің әлі есеңгіреп жүргенін айтты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Баян Мақсатқызы Тұрсын Алагөзовтың бұрыннан жомарт болғанын алға тартты / фото: жеке мұрағат
Баян Мақсатқызы Тұрсын Алагөзовтың бұрыннан жомарт болғанын алға тартты / фото: жеке мұрағат

Баян Мақсатқызы Тұрсын Алагөзовтің әлі есеңгіреп жүргенін айтты. Бұған қазақстандықтардың ерекше құрметі себеп болып отыр.

Баян Алагөзова әлеуметтік желі арқылы күйеуіне қолдау көрсеткен халыққа алғыс білдірді.

«Мен барлық қазақстандықтарға алғыс айтқым келеді. Халықтық қолдау көрсетіліп жатыр. Шынымды айтсам, мұны ешкім күтпеген еді. Мен де, Тұрсын да. Ол әлі есеңгіреп жүр. Өйткені, халық тарапынан осындай реакция жасалынды», – деді танымал продюсер.

Баян Мақсатқызы кеше кәсіпкер күйеуімен осы жөнінде әңгіме қозғаған. Тұрсын Алагөзов қол астындағы қызметкерлеріне 100 пәтер әпергеніне халық осылай қуаныш білдіреді деп күтпегенін айтқан.

«Мен өзімнің борышымды жасадым. Жасауға тиіс ісімді жасадым. Бір мезгілде екі табақтан ас ішуге болмайды. Бір мезгілде екі көлікпен жүре алмайсың. Мен бөлісе аламын. Бөліскім келеді. Мұқтаж адамдарға қолдау керсеткім келеді», – деген Тұрсын Алагөзов.

Баян Мақсатқызының айтуынша, адам аяқ астынан жомарт бола қалмайды.

«Ол әрқашан жомарт болды. Болып қала береді. Адамдарға ұдайы көп көмек береді. Бұл туралы ешкім білмеген болуы керек», – деді Баян Мақсатқызы.

Тұрсын Алагөзов құпия түрде 100 пәтер сыйлауды ұйғарыпты. Бірақ продюсер күйеуіне «халық білсін» деп жария етуге үгіттегепті. Өйткені, оның ойынша, бұл басқалар үшін де әлеуметтік жауапкершілік жөнінде ойлануға түрткі болады.

Басында Тұрсын Алагөзов бұған көнбеген көрінеді.

Мұның алдында Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсынғали Алагөзов 100 қызметкеріне пәтер сыйлағаны туралы жаздық.

Сондай-ақ оқыңыз