Мәулен Әшімбаев банк жүйесін сынға алды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Мәулен Әшімбаев шетелдік банктердің елімізге келуне қолдау білдірді / фото: senate.parlam.kz
Мәулен Әшімбаев шетелдік банктердің елімізге келуне қолдау білдірді / фото: senate.parlam.kz

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы банк саласындағы жағдайды сын тезіне алды.  Оның бұл саланың дамуына көңілі толмай отыр.

Сенат отырысы барысында Сенат төрағасы банктердің дамуында ілгерілеушіліктің жоқтығын алға тартты.

«Қазақстанда банк секторы бұдан 15-20 жыл бұрынғыдай қарқынды даму көрсетпей отыр», – деді ол.

Мәулен Әшімбаев пікірінше, еліміздің банк саласында жоғары шоғырлану бар. Бірнеше банк үстемдікке ие.

«Бұл банк жүйесінің икемділігін жоғалтуына алып келгендей әскер қалдырып отыр», – деді Сенат төрағасы.

Мәулен Әшімбаев шетелдік банктердің елімізге келіп, жұмыс істеуіне қолдау білдіріп отыр.  Оның айтуынша, жаңа ойыншылар бәсекелестікті жандандыра түседі. Қазақстандық банктерді дамуға, жаңа технологияларды енгізуге жетелейді. Бұл банктердің пайыздық мөлшерлемелерді түсіріп, халыққа жақсы шарт ұсынуға түрткі болуы ықтимал.

«Бұл, жалпы алғанда, біздің банк саласының дамуына серпін беруі мүмкін. Сондықтан, шетелдік банктер тұтынуды кредиттерін берумен шектелмей, нақты салаларды, агроөнеркәсіптік кешенді, аграрийлерді қаржыландырғаны маңызды», – деді Мәулен Әшімбаев.

Мұның алдында Сенат төрағасы мәслихат депутаттарына біліктіліктерін көтеру қажеттігін атап өткен еді. 

Сондай-ақ оқыңыз