Қытайдың жаңа люкс көлігі несімен таңырқатады

Қытайдың жаңа люкс көлігі әлем назарын өзіне аударып отыр. Ол премиум брендтердің жоғары классты седандарға бәсекелес болмақ.
BYD компаниясы Yangwang U7 люкс седанын өндіріс желісіне қосты. Бұл үлгінің бастапқы бағасы – 87 150 АҚШ доллары.
Yangwang U7 сипаты
Алғашқы Yangwang U7 партиясы ақ түсті шанақпен жасалған. Бұл көліктерде 21 дюймдік көп тармақты дискілер мен дәстүрлі бүйірлік айналар орнатылған. Барлық нұсқалар төбесіне орнатылған LiDAR сенсорымен жабдықталған. Салон түсі де — ақ реңкте.
Yangwang U7 моделі толық электрлі (EV) және қосылатын гибридті (PHEV) нұсқаларында ұсынылып отыр. PHEV нұсқасы 2,0 литрлік турбо қозғалтқышпен және 52,4 кВт·сағ батареямен жабдықталған. Жалпы жүріс қоры – 1 000 шақырым.
Төрт моторлы көлік
Толық электрлі нұсқасына бөлек тоқталсақ, оның төрт электр қозғалтқышы – моторы бар. Жалпы қуаты – 960 кВт. 2,9 секунд ішінде 100 шақырым/сағат шапшаңдыққа көше алады. 270 шақырым/сағат жылдамдықпен жүйіткиді. Қытайдың жаңа люкс көлігі толық қуатталса, 720 шақырымға дейін жүре алады. Өйткені, оған 135,5 кВт·сағ сыйымдылығы бар батарея орнатылған.
Ұзындығы – 5 265 мм, ені – 1 998 мм, биіктігі – 1 517 мм, дөңгелегі – 3 160 мм .
Жабдықталуы
Ішкі жабдықталуына келсек, OLED сенсорлы экраны бар. Жүргізушіге арналған 23,6 дюймдік дисплей, алдыңғы жолаушыға арналған үлкен монитор және артқы жолаушылар үшін екі 12,8 дюймдік экран қойылған.
Қауіпсіздік және басқару жүйелері де заманауи. BYD-ның DiSus-Z аспа жүйесі және «Құдайдың көзі A» деп аталатын интеллектуалды жүргізуші көмекшісі бар. Бұдан бөлек, үш LiDAR, бес миллиметрлік радар және 13 камерамен жабдықталған. Қытайдың жаңа люкс электрокары деген атқа ие болып отыр.
Люкс электрокар
Люкс седанның толық тұсаукесері 2025 жылдың наурыз айының соңында өтті. Бірақ BYD бұл модельдің сериялық өндірісін тек екі айдан кейін ғана іске қосты.
Yangwang U7 — бұл жай ғана Қытайдың жаңа люкс электрокар емес. Заманауи технологияларға толы көлік. Жүргізуші мен жолаушының жайлылығы үшін бәрі керемет ойластырылған. Интеллектуалды жүйелермен жабдықталған.
Мұның алдында Қытайдың ең мықты он көлігінің сипаттамасын берген едік.