Араб компаниясы Жамбыл облысында жел электр станциясын салады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
араб
Фото: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен

Біріккен Араб Әмірліктерінің Masdar компаниясы Жамбыл облысында қуаты 1ГВт болатын жел электр станциясын салады. Бұл туралы Қазақстан-БАӘ өкілдерінің кездесуінде айтылды.

Бұл жоба жүзеге асырылса, 2030 жылға қарай электр энергиясы өндірісіндегі ЖЭК үлесін 15%-ға, ал 2050 жылға қарай 50%-ға дейін арттыруды көздейді.

«Энергетика министрлігі 1 ГВт ЖЭС жобасына жан-жақты қолдау көрсетеді. Жаңартылатын энергетиканы дамытуда біз үшін стратегиялық серіктес болып табылатын Masdar компаниясымен әріптестігімізді жоғары бағалаймыз», – деді Ерлан Ақкенженов.

Жоспар бойынша, 2026 жылдың бірінші тоқсанында қаржылай мәселелер шешіледі. 2028 жылдың бірінші тоқсанында 500 МВт қуат енгізуден бастап кезең-кезеңімен іске қосылса, 2029 жылға қарай 1 ГВт толық қуатты пайдалануға берілуі керек.

Осыған дейін  Абу-Даби тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның Қазақстанға ресми сапармен келген еді. Сол шара кезінде Қазақстан мен БАӘ сауда айналымын 1 млрд долларға жеткізуді жоспарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз