
Қазақстан қор биржасының (KASE) акционерлері 2024 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім биржаның жылдық жалпы жиналысында мақұлданды.
Жиналыс қорытындысы бойынша, акционерлер KASE-нің таза табысының 30%-ын, яғни 4,6 млрд теңгені дивиденд ретінде бөлуге келісті.
Бір жай акцияға төленетін дивиденд мөлшері – 4 310,67 теңге. Төлем уақыты 2025 жылғы 10 маусымнан басталады.
«Аталған шешім KASE-нің қаржылық тұрақтылығы мен акционерлер алдындағы ашық саясатын көрсетеді. Бұл – биржаның сенімділігі мен табыстылығын айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі», – деп жазылған хабарламада.
Осыған дейін «Қазатомөнеркәсіп» акционерлеріне 327 млрд теңге дивиденд төлейтінін жариялаған еді. Бұл – компания тарихындағы ең қомақты төлем.