Полиция Meta компаниясымен бірігіп киберқылмыспен күреседі

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Мeta компаниясының мемлекеттік саясат жөніндегі директоры Сарим Әли Азизбен кездесті. Енді Facebook пен Instagram киберқылмыскерлерді тезірек табуға көмектеседі.
«Диалог барысында алаяқтық схемаларда әлеуметтік платформаларды пайдалану, есірткі сату, порнографияны тарату және басқа да заңсыз ақпарат жариялау сияқты цифрлық ортаның заманауи сын-қатерлері талқыланды. Meta өкілі ІІМ бастамаларына қолдау білдірді», – деп жазылған хабарламада.
Екі тарап ортақ жұмыс тобын құрып, қолданушылардың құқықтық және қаржы сауатын арттыру үшін ағартушылық науқан бастауға да келісті.
Бұл неге маңызды?
Бұған дейін ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева да Meta компаниясының өкілдерімен кездескен. Қазақстандық тарап Meta компаниясының Қазақстанда кеңсесін ашып, ақпараттық кеңістіктегі қауіпсіздік мәселесінде бірге жұмыс істеуге ниетті болып отыр.
Осы уақытқа дейін Фейсбук желісінде анықталған заң бұзушылықтың 90%-ы, Instagram-дағы құқық бұзушылықтың 51%-ы өшірілген.