Соңғы 20 жылда Франция Қазақстанға 20 млрд доллар инвестиция салған

Президент Франция Қазақстанның Еуропа Одағы елдері арасындағы негізгі сауда 2005 жылдан бастап былтырға дейін Францияның елімізге 20 млрд доллар инвестиция құйған. Бұл туралы Тоқаевтың Франция сыртқы сауда делегат-министрі Лоран Сен-Мартенмен кездесуінде айтылды.
Ал былтырғы есеп бойынша, Қазақстан мен Франция арасындағы сауда айналымының көлемі 5,5 миллиард долларға жеткен.
«Соңғы жылдары екіжақты сауда көлемі және елімізге келетін француз инвестициясы ұдайы артып келеді. Лоран Сен-Мартен Астанаға 40-тан астам француз компаниясының жетекшілері келгенін, әртүрлі саланы қамтитын ұжымдар елімізбен іскерлік байланыстарды ілгерілетуге ниетті екенін жеткізді», – деп жазылған Ақорда хабарламасында
Бүгінге күнге бизнес-форум кезінде қазақ-француз кәсіпкерлері 17 келісімге қол қойған.
Осыған дейін Freedom Holding компаниясы Астанада халықаралық француз мектебінің құрылысын бастағанын жазған едік. Бұл – Қазақстан мен Францияның білім беру саласындағы жаңа бірлескен жобасы.