Су тасқынына қарсы күрес үшін Жапония Қазақстанға грант береді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: Ақордадан

Қазақстандағы су тасқынына қарсы шараларды жақсарту үшін Жапония 2 млн доллар грант береді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінен хабарлайды.

«Жапония үкіметімен бөгеттерді кешенді басқару арқылы Қазақстандағы су тасқынына қарсы шараларды жақсарту жобасын жүзеге асыру үшін 2 млн доллар көлемінде грант бөлуге келісті», – деп жазылған хабарламада.

Жоба еліміздің су тасқынына төзімділігін арттыруға және бөгет қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған. Жобаның аяқталу мерзімі – 2027 жыл.

Бұған дейін Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) сарапшылары тасқын кезінде ең көп зардап шеккен Қазақстанның 4 өңіріндегі 13 су шаруашылығы нысанына зерттеу жүргізген.

Қазақстанда 1224-ке жуық елдімекен су қорғау аймақтары мен тасқын қаупі жоғары аймақтарда орналасқан.  Су және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов оларды су тасқынына қорғаудың жалғыз амалы – адағалау шаралары деп есептейді.

Сондай-ақ оқыңыз